15:51, 23 Тамыз 2016 | GMT +5
34 жастағы әйел 70 мың долларға қуыршақ сатып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелестен (АҚШ) Азуза Сакамото Барби қуыршақтар жинауға құмар. Арғы тегі жапондық 34 жастағы америкалық атақты ойыншықтарына, оның киімдеріне, аксессуарына 70 мың доллар жұмсады.
Азузаның айтуынша, оның жігіті мұның әуесқой қызығушылығын толықтай қолдайды.
Сакамото маникюр шебері болып жұмыс істейді. Ол қуыршақтарға 15 жасынан бастап үйір бола бастады. Қазір үйінде 145 қуыршақ. Сондай-ақ барби брендінің сөмкелер коллекциясы бар, деп хабарлады Daily Mail.