07:35, 05 Қазан 2010 | GMT +5
№39 орта мектептің ұстазы Дәулет Тайғұлин Павлодардың ең үздік мұғалімі болып танылды
ПАВЛОДАР. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - №39 орта мектептің ұстазы Дәулет Тайғұлин Павлодардың ең үздік мұғалімі болып танылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Халықаралық мұғалімдер күнінің қарсаңында ұйымдастырылған «Жыл ұстазы» байқауы шығармашылыққа жақын, жоғары кәсіби рейтингі бар, және де әлеуметтік ұстаз тұлғасын қалыптастыратын талантты педагогтарды анықтайды.
Байқаудың жеңімпазы Дәулет Тайғұлин жаңа тарихи әдістемеліктердің авторы. Өзінің тарих пәнін ол мектеп бағдарламасындағы маңызды элемент деп біледі. Тарихши сабағын әртіс сияқты, логиканы дамыту үшін іс-қимыл жасай отырып жүргізеді, бұған әкесі, ҚР еңбек сіңірген ұстазы Амангелді Тайғұлин үйреткен екен.