17:51, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
39 жасар азамат 173,15 грамм марихуанамен ұсталды ? Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – "Сырдария Рубеж-Е" бекетінде жедел алдын алу шаралары кезінде 39 жасар қармақшылық азамат құрықталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқарма қызметкерлерінің күдіктіні тексеруі кезінде газетке оралған жасыл түсті зат табылды. Ол салмағы 173,15 грамм болатын марихуана болып шықты. Бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.