40 елдің сарапшылары Ташкентте инвестиция тарту мәселесін зерделеді

ТАШКЕНТ. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Өзбекстан мемлекетінің астанасында VI Ташкент халықаралық инвестициялық-қаржылық форум өз жұмысын бастады.
None
None

Ұйымдастырушылардың мәліметтеріне қарағанда, келелі басқосуға Қазақстанның, Өзбекстанның, АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Малайзияның, Әзербайжанның, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның, Үндістанның, Ресейдің, Белоруссияның, Кипрдің, Молдованың, Украинаның, Румыния мен Тәжікстанның жетекші кәсіпорындары мен компанияларының 600-ден астам басшысы, 40 мемлекеттің сарапшылары мен ғалымдары қатысуда.

Өзбекстан Үкіметінің және мемлекеттік қаржылық институттардың өкілдері өз сөздерінде елдегі инвестициялық жағдайға оң бағаларын берді. Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы ІЖӨ-ге инвестицияның арту көлемі 22,9 пайызды құраған. 11,7 млрд. АҚШ доллары шамасында отандық және шетелдік инвестиция тартылды.

Форумға қатысушыларға «Навои», «Ангрен» және «Жызақ» индустриялық-экономикалық аймақтар аумағында өндірісті дамытудың алғышарттары таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар