44-ші республикалық байқауда алматылық жас музыканттар бас жүлдені еншіледі

АЛМАТЫ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыда балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің және мамандандырылған музыка мектептерінің фортепиано бөлімдері мен хор ұжымдары жас музыкант-оқушыларының 44-ші республикалық фестиваль-конкурсы өз мәресіне жетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орта білім департаменті және Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған бұл шара наурыздың 24-і күні басталған болатын. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 745 бала қатысты. Олардың 180-і жеке орындаушы, ал 16-сы хор ұжымы.

Онда дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектептері арасында 3 бас жүлдені алматылықтар иеленді. Олар - Жәмиля Нұрғұмарова мен Дария Жұбатқанова (Күләш Байсейітова атындағы мектеп-интернаттан) және Айжан Қондыбаева (Ахмет Жұбанов атындағы мектеп-интернаттан). Алматылықтар хор ұжымдары арасында да үздік шығып, бас жүлдеге №1 БММ «Көктем» хоры ие болды. Ал балалар музыка мектептері мен өнер мектептеріарасындағы бас жүлделер қостанайлық Нұрлан Орынбаевқа, қарағандылық Антон Ковальға және шығысқазақстандық Вадим Жуковскийге берілді.

Соңғы жаңалықтар