45 жастағы ақтөбелік өз пәтерінде есірткі ұясын құрған

АҚТӨБЕ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында есірткі жеткізу арналарын анықтау үшін 15-18 сәуір аралығында «Шеп-2013» жедел-алдын алу шаралары өткізілуде.
None
None

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-алдын алу шаралары барысында полицейлер 45 жастағы ақтөбелікті ұстады, ол өз пәтерін нашақорларға жалға беріп, есірткі пайдалануға жағдай жасаған. Ол осы қызметі үшін әр адамнан 500 теңге алып тұрған.

Бұл факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 264-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Жыл басынан бері аймақта 37 есірткі қылмысы әшкереленді, оның ішінде 21 факті - есірткі өткізуге қатысты.

Соңғы жаңалықтар