5-6 жасар қыздарды зорламақ болған қала тұрғыны үш жылға бас бостандығынан айрылды - Орал

ОРАЛ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - БҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 5-6 жасар қыздарды зорламақ болған қала тұрғынын үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сотта анықталғанындай, таныстарының үйінде болған кезде ер адам үй иесінің алты және көршісінің бес жасар қызын зорламақ болған. Ол қыздарды шешіндіріп, қасына жатқызып бола бергенде, олардың біреуі жылаған. Сол мезетте үй иесінің 10 жасар ұлы кіріп келіп, қарындасын алып кетпекші болған. Үй иелері бұл кезде қонақта болған.

Сотталушы бұдан бұрын да осындай қылықтарға барған. Ол сотта өз кінәсін толық мойындап, мұның себебі арақ ішіп, мас болғандықтан деп түсіндірмек болды. Енді ол үш жыл жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейтін болады.

Соңғы жаңалықтар