5 айда тәртіп бұзған 15 жүргізуші жұмыстан босатылды - «Автоалма-транс» автопаркінің директоры

АЛМАТЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы «Автоалма-транс» ЖШС-і автобус жүргізушілерінің киім үлгісін таныстырды.
None
None

Автопарк директоры Махмұд Ұзақовтың айтуынша, 8 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайтын бұл кәсіпорын жүргізушілері қазір №35 пен №65 бағыттағы автобус жүргізушілері 1 мамырдан бері қоғамдық жолаушы тасымалдаушылары қауымдастығы тапсырып беріп тіктірген арнайы киімді қолдануда. Ал қалған 6 бағыттағы жүргізушілері әзірге тек жаздық киіммен ғана қамтамасыз етіліп отыр. Алдағы уақытта олар да жыл мезгіліне сәйкес жаңартып отыратын арнайы киіммен толық жабдықталмақ.

«Бізде 177 автобус бар. Онда жолаушыларға 191 жүргізуші қызмет көрсетеді. Олардың жүргізуші киімдері автопарк есебінен алынып отыр. Басқарма талабы бойынша жүзеге асып отырған бұл шара қоғамдық жолаушылар тасымалдау қызметі сапасына оң ықпалын тигізбек. Мәселен өткен 5 айдың ішінде біз түрлі тәртіп бұзушылық жасаған 15 жүргізушіні жұмыстан босаттық. Жаңа қызметкерді жұмысқа алу кезінде автобус жүргізудегі өтілінің 3 жылдан кем болмауына мән береміз. Сондай-ақ олардың біліктілігін 3 адамнан құралған механиктер тексеріп, рұқсат еткен соң ғана жұмысқа алу жайы қаралады», - дейді М. Ұзақов.

Соңғы жаңалықтар