5 млн. теңгені үптеп кеткен төрт қарақшы жеті жылға бас бостандығынан айрылды - БҚО

ОРАЛ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Джепко, Ахметов, Ғилманов, Жәрдемов деген төрт жас жігіт Н. есімді жеке кәсіпкердің көп ақшасы бар екенін біліп, оны тонап кетуге шешім қабылдайды.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алғашқыда жігіттер кәсіпкердің үйін аңдиды. Көп уақыт өткізбей қарақшылар жоспар құрып, істерін жүзеге асыруға кәсіпкердің үйіне келеді. Екеуі машинада қалып, екеуі және тергеумен анықталмаған, пневматикалық тапаншамен қаруланған тағы бір адам кәсіпкердің үйіне беттейді. Үйдің ауласына кіріп, кәсіпкердің жұмысшысымен металдың бағалары жөнінде әңгіме айтып тұрғанда, тергеумен анықталмаған тұлға жұмысшының басынан ұрып сұлатып салады. Үшеуі үйдің ішіне жұмысшыны сүйреп кіргізіп, ақшаны іздей бастайды. Олар еш қиындықсыз 5 миллион теңгені тауып, үйдің артқы есігінен шығып кетеді.

Оқиға болған уақытта кәсіпкер үйінде болмаған.

Сотта аталған төрттіктің ешқайсысы өз кінәларын мойындамады. Дегенмен күдіктілерге айғақ болар деректер жеткілікті.

Сот төрт қарақшыға қатысты мүлкін тәркілеумен бірге жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар сотталғандар жәбірленушіге 5 млн. теңгені өндіріп беруге міндетті.

Сотталғандар сот үкіміне келіспей, шағым түсірді. Алайда апелляциялық сот алқасы үкімін өзгертусіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар