50-ден астам тұрғыны бар елді мекендерге кең жолақты Интернет тартылады

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Кең жолақты Интернет 50-ден астам адам тұратын елді мекендерге тартылады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда Интернатті пайдаланушылар саны 62,8 пайызға жетті.

«Біз 50 адамнан аса тұрғыны бар елді мекендерді жылдамдығы секундына 512 Кбит болатын CDMA технологиясы бойынша кең жолақты Интернетпен 100 пайыз қамтамасыз етеміз деп топшылап отырмыз»,-деді министр.

Сөз соңында ол жыл соңына дейін облыс орталықтары үшін 4Gтехнологиясы қолжетімді болатынын айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар