540 адамға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді - БҚО әкімі

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың сөзіне қарағанда, Елбасы Жолдауына сәйкес 2011 жылы облыста көліктік медицина енгізілді. Флюорограф, стоматологиялық қондырғы, клиникалық және биохимиялық зертхана, УДЗ-диагностика жұмыс жасайтын жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен шалғай ауылдық жерлер тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігі қамтамасыз етілді.
Көліктік медицинаны дамыту шеңберінде республикалық бюджет есебінен 5 реанимобиль сатып алынды және жергілікті жерде шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 5 көліктік-құтқару пункті ашылды.
Биыл 3 жылжымалы медициналық кешен облыстың 12 ауданына шығып жұмыс жасап, нәтижесінде 18 703 адам тексеруден өтіп, 9742 науқас анықталған болса, 17038 адамға - кеңес, 15678 адамға - диагностикалық, 8937 адамға аурудың алдын алу қызметтері көрсетілген.