60-қа жуық мүгедек бизнес негіздерін үйренді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысы бойынша «Даму» қорының аймақтық филиалы Ескелді, Қаратал, Сарқан, Кербұлақ аудандары мен Талдықорған қаласының 59 мүгедегі үшін «Жұмыспен қамту және бизнестің негіздері» деген тақырыпта екі күндік семинарын өткізді.
None
None

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Ринат Талтүсовтың хабарлауынша, қатысушылар Талдықорғанда бизнесті құру және жүргізу, тиімді де болашағы бар қызметпен айналысу қабілеттілігін үйренді.

«Оқыту интерактивті режимде жүргізілді, тақырып бойынша пікірталастар өте қызу өрбіді», - деп атап өтті Ринат Талтүсов.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мүмкіндігі шектеулі адамдарға жеке өзінің бизнесін құру және оны жүргізуге қажетті білімді алуға ықпал ететін «ДАМУ-көмек» бағдарламасын жүзеге асырып отыр.

Бұған дейін осы секілді тақырыптық шаралар Алматы облысында 127 мүгедек үшін ұйымдастырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум