60 мыңнан астам адам Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында білім алуда

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында  60 мыңнан астам адам білім алуда, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты Еңбек және халықты жұмыспен қамту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Оқуға барлығы 61 025 адам тартылған. Оның ішінде 48 075 адам кәсіби даярлықтан өтіп жатса, 10 874 адам қайта даярлаудан өтуде, 2 076 адам біліктілігін көтеруде», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта 24 181 адам оқуын аяқтап, олардың 18 491-і жұмысқа орналастырылды. 17 360 адам тұрақты жұмысқа, 645 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 395 адам жастар практикасына жұмысқа қабылданды.

Бұдан басқа, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 5 884 жұмыс берушімен келісім шарт жасалды, осының арқасында 25 870 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды. Орташа айлық жалақы 45,1 мың теңгені құрайды.

Ақпаратта атап өтілгендей, жастар практикасына 22 258 адам жіберілген,  бұл жоспардың 143,3 пайызын құрайды. Жастар практикасына қатысуды аяқтаған 6 123 адамның  1449-ы тұрақты жұмыс орындарына қабылданды.

Халықты жұмыспен қамту ҚР Үкіметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет басшысының 2012 жылғы Жолдауында кең көлемді «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыруды бастауды тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар