600 мың теңге батысқазақстандықтардың көмек қорының есепшотына аударылды

Осы мақсатта «Нұр Отан» ХДП ҚР Президенттік мәдениет орталығындағы бастауыш партия ұйымының жастар қанаты бастама көтеріп, әріптестерінің біркүндік жалақысын қайырымдылық көмек ретінде арнайы ашылған есепшотқа аударуға үндеді, деп хабарлады ҚР Президенттік мәдениет орталығының баспасөз қызметі.
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл"- демекші, батыстағы бауырларымыздың басына түскен қиындықты бөлісіп Орталықтың қызметкерлері бірауыздан біркүндік жалақы есебінен жинақталған 600 мың теңгені көмек қорының есепшотына аударды.
Өткен жылы да ұжымның қызметкерлері Шығыс Қазақстанда орын алған табиғат апатынан, Қызылағаш ауылындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға да бескүндік және бір күндік жалақыларын арнайы ашылған есепшотқа аударған болатын. ҚР Президенттік мәдениет орталығы бюджеттік сала болғандықтан, қызметкерлерінің алатын жалақысы аз, алайда алыстағы ағайынның басына іс түскенде қарап жатуды дұрыс көрмейді, өзгелерді де осыған үндейді.