657 білім ошағында соңғы қоңырау соғылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облысы аумағындағы 657 білім ошағында соңғы қоңырауы соғылып, салтанатты жиын өткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кезекті оқу жылының аяқталуына орай барлық мектептерде 5618 оқушы үшін қоңырау ақырғы рет шылдырлады. Енді сол бүлдіршіндердің 85,2 пайызы облыс көлеміндегі - 8, Астанадағы - 3 бірыңғай тестілеу орталықтарында сынақтан өтіп, өмірге жолдама алмақ. Жалпы биылғы жылы өңірдегі білім ошақтарында 114 мың 24 жеткіншек білім нәрімен сусындаса, олардың 207-сі - «Алтын белгіден», 81-і ерекше үлгідегі аттестаттан үміткер. Ал Көкшетау қаласында 997 балғын орта білім алып шықпақ. Олардың 63-і - «Алтын белгіге», 16-сы үздік аттестатқа қол созып отыр.
Соңғы жаңалықтар