7 мен 10 жастың аралығындағы жас зерттеушілердің конкурсы өтті - Павлодар

деп хабарлады білім бөлімінен.
Финалға өткен 170 зерттеу жұмысына өнер, табиғат және ғылым тақырыптары арқау болып отыр. «Денсаулық достары», «Салауатты өмір салты», «Биология», «Тілтану», «Математика, физика, құрастыру», «Тарих және өлкетану» сияқты 13 бағыт бойынша өткен конкурста балалар өз жұмыстарын әңгіме немесе тәжірибе көрсету түрінде қорғады.
Оқушылардың жобалары мазмұндылығымен таң қалдырып отыр. Олар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы, вирустармен күресу, ата-тектерінің шығу тарихы, дұрыс тамақтану, тіпті дұрыс сағыз шайнау мәселелеріне зерттеу жүргізген.
Қазылар алқасы үшінші сынып оқушысы Глеб Пичкурдың, екінші сынып оқушысы Аяжан Хажмұратованың, төртінші сынып оқушысы Андрей Бураковтың, қоршаған ортаны зерттеуге әуес тағы 20-дан баланың еңбектерін үздік деп бағалады.