16:19, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
7-ші қысқы Азиада ойындарын өткізуге және спорт нысандарының құрылысын аяқтауға 31,6 миллиард теңге бөлінеді - Қаржы министрі
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2011 жылы елімізде өтетін 7-ші қысқы Азиада ойындарын өткізуге және спорт нысандарының құрылысын аяқтауға қосымша 31,6 миллиард теңге бөлінеді.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев айтты.
Оның атап өтуінше, аталған қаржының 7,7 миллиард теңгесі коньки стадионының, ал 1,3 миллиарды шаңғы трамплиндері кешенінің құрылысын аяқтауға бағытталмақ. Сонымен қатар Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын жөндеуге 6,5 миллиард теңге бөлінеді. Ал спорттық ойындарды телеарна және радио арқылы таратуды қамтамасыз етуге ел қоржынан 4,7 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр.