9 ай бойы жалған ақша жасаумен айналысқан тұлғаларға қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) ағымдағы жылғы 9 айда жалған ақша жасаумен айналысқан 6 тұлғаға қатысты 7 қылмыстық іс қозғады.
None
None

Бұл туралы Қаржы полициясының сайтында жарияланды.

Агенттіктің хабарлауынша, жалған ақша жасауға байланысты  қылмыстарды ашу 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 19 пайызға өскен.

«2012 жылғы мамырда департамент қызметкерлері қылмыстық топты құрықтады. Қылмыстық топ жалған 5000 теңгелік купюраларды жасап қолданысқа жіберумен айналысқан. Алматы қаласы 2-ші ықшам ауданында және Алматы облысы Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында атқарылған жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қылмыстық топтың шоғырланған мекен-жайларында астыртын цех анықталып, ол жерде 5000 теңгелік үлгісі бар 1 компьютер, 4 дана түрлі-түсті принтер, ноутбук, 2 бума фольга, 10 дана А-1 форматындағы арнайы қағаз, өңдегіш құрылғылар, ақша белгілерінің нақыштары, жалпы мөлшері 1,8 млн. теңге жалған 5000 теңгелік дайындалып, қолданысқа әзірленген жалған ақшалар мен химиялық қоспалар тәркіленді», - делінген сайттағы ақпаратта.  

Жалпы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2,4 млн. теңге жалған ақша тәркіленіп, қылмыстық топ мүшелері В.Бутин, М.Рассадин, А.Лопатинге қатысты ҚР ҚК 206-бабы 2-бөлігінің «а, б» тармақшаларымен (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату) 135 эпизодтан тұратын қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда қылмыстық іс соттың қарауында.

Соңғы жаңалықтар
Референдум