09:17, 20 Сәуір 2011 | GMT +5
9 қалада қатты дауыл болатындығы ескертілді
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Желдің күрт күшеюінен Астана және республиканың 8 қаласында дауыл соғатындығы ескертілді,
деп хабарлады Қагидромет.
«Дауыл соғатындығы ескертіледі: күндізгі уақытта жел екпіні секундына 18 метрге жетеді», - делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметтері бойынша, дауылдың болатындығы Атырау, Орал, Қостанай, Семей, Петропавл, Өскемен, Павлодар, Тараз қалаларында хабарланған. Бүгін аталған қалаларда жел екпінінің күрт күшеюі күтіледі.