90 қойды ұрлап кеткен ұры мал иесенің танысы болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлық тәртіп сақшылары 70 бас қой мен 20 бас ірі қара малды қолды қылған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады. - Жоғалған малды табу үшін арнайы іздестіру топтары құрылып, Ресей Федерациясының шекарасына дейін тінту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, полицейлер Красноармейка ауылындағы «БулсанаР» шаруа қожалығынан малды айдап алып кеткен 27, 44 және 60 жастағы үш күдікті азаматты ұстады, - деп жазылған хабарламада. Белгілі болғандай, күдіктілер түннің бір уақытында 90 бас қой-сиырды алып кеткен. Павлодар қаласының маңындағы елді мекенге жеткізіп, бір бөлігін сойып жаратқан. Қарақшылар Ұсталған сәтте қорада 40 бас қой ғана болған. Жоғалған малдың иесі Қабидолла Тезекбаевтың айтуынша, күдіктілердің бірі оның танысы болып шықты. - Ұрыларды көрдім. Олардың бірі - менің маңымда жүрген таныс адамдардың бірі. Қалған екеуін танымадым. Олардан толықтай шығынды өтеуді талап етемін, - деді Қ. Тезекбаев. Тұтқындалғандардың барлығы уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бүгінде тергеу амалдары жалғасуда. Еске сала кетейік, осыдан бір ай уақыт бұрын Красноармейка ауылында ірі көлемде мал ұрлығы тіркелген болатын.

Соңғы жаңалықтар