922 келі сазан тиеген көлік ұсталды - Прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысы Индер аудандық прокуратурасы мен балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері жүргізген бірлескен рейдтік шара кезінде Индербор кентіндегі «Талап» базарында «Газ-330232-244» маркалы автокөлігі ұсталды. Онда салмағы 922 келі сазан қара балығы болған. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Тексеру барысында, аталған балықтар заңсыз жолмен алынғаны және тиісті құжаттарсыз өткізілгені белгілі болды.

«Аталған фактіге байланысты аудандық прокуратурамен ҚР Қылмыстық кодексінің 183-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде», - делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар