А. Баталов: Құрбан айт - жалпы адамзатты жақсылыққа, ізгілік пен имандылыққа тәрбиелейтін ұлық мейрам
«Құрметті жетісулықтар! Сіздерді барша мұсылман халқы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Құрбан айт - жалпы адамзатты жақсылыққа, ізгілік пен имандылыққа тәрбиелейтін ұлық мейрам.
Бұл күндері адамдар бір-біріне деген жүректен шыққан шынайы ниетін, ықыласын білдіреді. Иман - әділетті, мейірімді, берекелі қоғамның ұйытқысы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Мұсылман діні - елдің барлығын бөлінуге емес, бірігуге шақырады», - деген болатын. Ислам діні барша адамға құрметпен қарайды, имандылық шапағатын уағыздайды.
Бес парыздың бірі - қажылықпен тұспа-түс келетін қасиетті айт күні Алла тағала барлық дұға-тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды қабыл етсін!
Құрбан айт мерекесі әр шаңыраққа береке мен қуаныш әкелсін. Барша жетісулықтарға зор денсаулық, бақыт, ынтымақ, ырыс және имандылық тілеймін!
Бүкіл ел болып бастаған жарқын істеріміз жемісті, ұлы дала елінің келешегі кемел болсын!» - деп жазылған әкімнің құттықтауында.