Ә.Бәйменов «Нұр Отанда» азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
None
None

Оның қабылдауына шамамен онға жуық адам жазылған. Ә.Бәйменовтің атап өтуіне қарағанда, олардың басым бөлігін мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу немесе мемлекеттік қызмет сатысынан өту, сонымен қатар заңнаманың сақталу мәселелері толғандырған.

«Мен тұрақты түрде айына 1 мәрте өз жұмыс орнымда қабылдау өткіземін. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай біз партияның қоғамдық қабылдауында да қабылдау өткіземіз. Кез келген адам қабылдауға келе алады. Біз ешкімге де басымдық бермеуіміз керектігін, барлық мәселелер заң аясында шешілуі тиістігін баса айтқым келеді», - деді Ә.Бәйменов журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Нұр Отан» ХДП-ында азаматтарды кезекті қабылдау 24 сәуір күні өтеді. Бұл күні таңертең 10-нан бастап Әділет министрлігінің өкілдері қызмет көрсетсе, ал түскі 15-00-де еліміздің Көлік және коммуникация министрі азаматтарды қабылдайтын болады. Қабылдауға жазылу үшін Астанадағы мына телефон нөміріне хабарласу қажет: 55-55-71 және 70-76-61.

Соңғы жаңалықтар