А. Есімов қалалық ІІД-ге 95 жаңа көліктің кілттерін табыс етті

АЛМАТЫ. 10 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ІІД-нің жол және патрульдік полиция қызметтеріне 95 жаңа көліктің кілттерін табыс етті.
None
None

«Бұл 95 жаңа көлікті алуға қалалық бюджеттен 190 млн. теңге бөлінді. Олар қажетті барлық құралдармен жабдықталған. Ендігі негізгі мәселе оларды пайдаланып қала тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз етуде қылмысқа қарсы күресті күшейтулеріңіз қажет», - деді А.Есімов.

Шаһар басшысының айтуынша, елдің қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау бағытында құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға Елбасының тапсырмасы бойынша айрықша көңіл бөлінеді. Бүгінгі көмек Ішкі істер департаменті автопаркінің ширек бөлігін жаңартуға мүмкіндік беріп отыр.

Соңғы жаңалықтар