Ә. Исекешев Алматының ауыр машина жасау зауытында болды

АЛМАТЫ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Президенттің шешімінің арқасында бізде Алматы ауыр машина жасау зауыты сияқты кәсіпорындар үшін жаңғырту жұмыстарын жүргізуге, аса жеңілдетілген шарттармен станоктарды сатып алуға арзан ақша бар.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматы ауыр машина жасау зауытына (ААМЖЗ) жасаған сапары барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Ол атап өткендей, Үкімет өнеркәсіптік зерттеулерге гранттар бөліп отыр, құжаттама үшін ақша төлеуге даяр конструкторлық бюро жұмыс істейді. Министр сондай-ақ, өндірілетін өнімде қазақстандық мазмұнды арттыру мәселесіне ерекше тоқталып өтті.

ААМЖЗ басшылығы қонақтарды өндіріс барысымен таныстырды, негізгі цехтардың блогын аралатты, сондай-ақ кәсіпорынның қазіргі проблемалары мен даму болашағын талқылады.  

Жұмыс сапарына қатысқан «Қазақстан теміржолы» АҚ-ның бірінші вице-премьері Ерік Сұлтанов «ҚТЖ» АҚ Алматы ауыр машина жасау зауытымен әріптестікке дайын екендігін жеткізді. «Біз зауыттың өндрісіне шамамен 2,5 мың көлік құрастыру теміржол өнімінің аталымын беруге дайынбыз. Ол бойынша құрылым мен құжаттар да дайын», -деді ол. 

«Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ қосылған құны жоғары өнімді өндіретін, эскпортқа бағдарланған отандық аздаған өнеркәсіптік нысандардың бірі. Зауытта қазіргі заманғы электр жабдықтары мен бағдарламалар пайдаланылады. Өнімдерін Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Пәкістан, Жапония және басқа да мемлекеттерге экспорттайды.

Соңғы жаңалықтар