А. Күрішбаев: Ірі латифундистердің, жер олигархтарының пайда болуына тосқауыл қоямыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның отырысында Экономика бойынша жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаев аталған топтың жиынында айтылған пікірлермен бөлісті.
None
None

«Жұмыс тобында жалға немесе меншікке берген жерлерге шектеу қою қарастырылды. Бұған толықтай барлығымыз келістік. Әрбір өңірде өзінің ерекшілігі бар. Суармалы жерлер бар, яғни Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан (облысының - агенттік) жерлері, әсіресе, астықты солтүстік өңірлерде шектеу енгізуіміз керек. Атап айтқанда, бір қолға берілетін жерлерде тиісті шектеу болуы қажет, нәтижесінде жердің көп мөлшерінің бір адамның қолына жинақталуын болдырмайтын тетік іске қосылады. Бұл тұрғыда ірі латифундистердің, жер олигархтарының пайда болуына тосқауыл қоямыз», - деп тоқталды А. Күрішбаев.

Бұдан бөлек, жұмыс тобының жетекшісі ауылдық мекендердің қажеттілігі мен болашақта даму көлемін болжай отырып, әрбір елді мекен бойынша жайылымдардың керекті көлемін анықтап, соны бекітуді ұсынды.

«Өйткені, бұл жер көлемі елді мекендердің жайылымдары. Ол жайылымдар бойынша жалға бермеу керек, сатуға да тыйым салу керек. Жайылымдар тек мемлекеттің құзырында қалуы тиіс. Біздің ұсынысымыз осындай», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар