Ә.Құсайынов Мемлекет басшысын елдегі көлік-коммуникациялық кешеннің даму болашағы туралы хабардар етті

СТАНА-АҚОРДА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновты қабылдады.
None
None

Ә.Құсайынов ағымдағы жылдың 7 айында атқарылған ведомство жұмысының қорытындылары мен елдің көлік-коммуникациялық кешенінің даму болашағы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Осы уақыт ішінде Қазақстанда былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19 пайыз артық жүк тасымалданып, дағдарысқа дейінгі 2007 жылдағы деңгейге қол жеткізілген. Жолаушылар тасымалы көлемінің артуы 12 пайызды құрады.

Әңгіме барысында ірі жобалар болып табылатын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолы, «Қорғас-Жетіген» және «Өзен - Түрікменстанның мемлекеттік шекарасы» теміржол желілерінің жүзеге асырылуы барысы туралы да сөз қозғалды.

Соңғы жаңалықтар