А. Лукашенко Беларусь ҚР-да қатысып жатқан мемлекеттік бағдарламалар үшін қазақстандық тарапқа алғыс білдірді

Бұл фактіні Минскіде өзінің қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында Беларусь Президенті Александр Лукашенко атап өтті, деп хабарлады БЕЛТА.
Сіздің бірнеше ондаған жыл бойы білдірген жылы идеяңыз, жоба болып қана қоймай, мазмұнға толы болатын кезеңі алыс емес», - деп атап өтті Алксандр Лакашенко. Ол сондай-ақ екі елдің бұл бірлестікте перспективасы зор екендігін және Беларусь бұл бағытта одан әрі де жұмыс істей беретіндігін атап өтті.
Беларусь басшысы атап көрсеткендей, бұл екі көшбасшының Қазақстан Президентінің ағымдағы сапарының барысында пікірлесіп отырған алғашқы кездесуй емес. Бүгін Беларусь пен Қазақстан мемлекеттерінің президенттері Боловеж тоғайында болған еді. «Біз екеуміз жеке дара отырып сөйлесуге, жеке және мемлекетаралық деңгейде талқылануы тиіс мәселелерді талқылауға мүмкіндік алдық», - деді А. Лукашенко.
Беларусь көшбасшы атап өткендей, бүгін бірқатар құжаттарға қол қойылып, келісімдер ресми түрде бекітілетін болады.
Беларусь мемлекет басшысының пікірінше, бұл Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымның 1 млрд. долларға жетуіне септігін тигізді.
«Егер сіздердің елдеріңіз Украина сияқты жақын болғанда, сауда айналым бұдан да көп болатындығына сенімдімін», - деді А. Лукашенко.
Онымен бірге ол екі елдің экономикасы бір-бірін өзара толықтыратындығын атап өтті.
Александр Лукашенко Беларусь ҚР-да қатысып отырған 30-ға жуық мемлекеттік бағдарлама үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдірді.