15:41, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
А. Өрсариев Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бұрынғы ректоры Арын Өрсариев Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

«Болашақ» бағдарламасының алғашқы стипендиаттарының бірі 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. 1998-2000 жылдары «Дипломатия мен стратегия» мамандығы бойынша Сорбонна университетінде тәлім алды. Әкім орынбасары лауазымына дейін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын басқарды.
Әр жылдары Дипломатиялық академияда сабақ берді, ҚР СІМ-нің екінші хатшысы болды. Сонымен қатар, ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтерді атқарды. 2008 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысының орынбасары болды.
«Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған және «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері.