А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында жаңа қойылымның премьерасы болды

ОРАЛ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Алдағы жылы 150 жылдығын атап өткелі отырған А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында жаңа қойылымның премьерасы болды.
None
None

 Бұл жолы украин драматургі Мария Ладоның шығармасы бойынша «Өте қарапайым оқиға» сахналанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спектакльді театрдың бас режиссері Оксана Малуша қойды. Мұнда адамдар өмірі үй жануарларының көзімен беріледі. Кейде адалдығы жөнінен олар адамнан да артық сияқты көрінеді.

М.Ладоның аталмыш туындысы көптеген театрларда сахналанған. Соның ішінде өткен жылы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Болмаған оқиға» деген атпен қойылған болатын.

А.Островский атындағы орыс драма театрында биылғы маусымда басқа да жаңа қойылымдарға кезек берілетін болады. Алдағы жылы наурызда Халықаралық театр күніне орай театрдың 150 жылдығы тойланып, соған орай бұдан бұрын да Орал сахнасында көрініп жүрген самаралық режиссер Александр Мальцев Шыңғыс Айтматовтың «Жанпидасын» қоймақшы.

Соңғы жаңалықтар