Ә.Жақсыбеков ҚР Президентіне «Астана белгісі» монументінің эскиз-идеяларын таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-да болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
None
None

Нысанда болу барысында Мемлекет басшысына елорда құрылысын жалғастыру және дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, Қазақстан Президентіне Астананың маңызды коммерциялық, мәдени-сауық нысандары мен тұрғын үйлер құрылысының барысы, инфрақұрылымды жаңғырту және көлік саласындағы міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асыру жұмыстары туралы айтылды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы архитектуралық-көркемдік ұйымдастыру жұмыстарымен және қала құрылысына қатысты шешімдермен танысты. Бұдан бөлек, елорда әкімі Ә.Жақсыбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Астана белгісі» архитектуралық мүсіндік композициясының үздік эскиз-идеясына жарияланған республикалық конкурс жобаларын таныстырды.

Соңғы жаңалықтар