Абаев Ұлттық брендті таңдау бойынша СМС дауыс беру басталғандығын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқаудың келесі кезеңіне өтетін үміткерлерді анықтау үшін SMS дауыс беру басталады.
None
None

Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі Дәурен Абаев өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтты.

«Қымбатты достар! 15 қазанда біз еліміздің Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқауға өтініш қабылдауды аяқтадық. Жалпы, тамыздың 31-нен бастап 966 өтінім келген болса, солардың 794-і дауыс беру кезеңіне жіберіліп отыр. Менің ойымша, бұл азаматтарымыздың елдік мәселеге бей-жай қарамайтынын көрсетті.

Байқауға кәсіби мамандармен бірге еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес мемлекеттерден әуесқой безендірушілер қатысты.
Ал бүгін байқаудың келесі кезеңіне өтетін жұмыстарды анықтау үшін SMS дауыс беру басталады.

SMS жолдау тегін. Ол арқылы өзіңіз қалаған бір ғана жұмысқа дауыс бере аласыз.

Атап өту керек, байқаудың жұмыс тобы дауыс берудің көптеген нұсқасын қарастырды. Өйткені, 800-ге жуық өтінімнің барлығын жұрт назарына тең дәрежеде ұсыну оңайға түскен жоқ.

Сондықтан да, біз барлық 794 жұмысты олардың реттілігі әрбір қолданушы үшін әртүрлі болатын тәртіппен орналастырғанды жөн көрдік», - деп атап өтті министр.

Қазақстандықтар дауыс беруді мына сілтеме арқылы жүзеге асыра алады. 

Еске салайық, байқау жеңімпазы 5 млн. теңге ақшалай сыйақы алады. Ал байқаудың екінші кезеңіне өткен жұмыстардың авторы 200 мың теңгеге ие болады. Сондай-ақ байқау қатысушысының сертификаты беріледі. 

Соңғы жаңалықтар