Абай қаласында 600 гр. героинмен 55 жастағы азамат ұсталды

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Абай аудандық ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері бұрын да есірткі қылмысы үшін сотты болған Абай қаласының 55 жастағы тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлады бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
None
None

Оның айтуынша, күдіктінің пәтеріндегі жуыну бөлмесінде тінту жұмыстарын жүргізу барысында полиэтиленді пакетке оралған 600 граммға жуық героин табылып, тәркіленді. Есірткі заттарын сатып алу, тасымалдау немесе сату үшін сақтау фактісі бойынша ҚР ҚК 259 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін ұсталған азаматқа мүлкі тәркіленіп, 6-12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Қазіргі таңда есірткі заттарын тасымалдау арналарын анықтау бойынша кешенді түрде жедел іздестіру және арнайы тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар