Абай қаласында прокуратураның жаңа әкімшілік ғимараты салтанатты жағдайда ашылды

АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокурорының орынбасары А.Секішевтің қатысуымен Қарағанды облысының Абай ауданының және Қарағанды облысының түзеу мекемелерінде заңдылық сақталуын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратураларының жаңа әкімшілік ғимараты салтанатты жағдайда ашылды.
None
None

Шара барысында сөз сөйлеген А.Секішев аталған прокуратуралардың ұжымдарын осы елеулі күнмен құттықтай отырып, бұл - Елбасының және Бас прокуратура басшылығының прокуратура органдары қызметкерлерінің материалдық-техникалық және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға үнемі назар аударатындарының тағы бір дәлелі екенін атап өтті. «Осы қолдау құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруда бұдан да биік деңгейге жетуге мүмкіндік беретіні сөзсіз», - деді ол.

 Сонымен қатар, салтанатты жиында Абай ауданы прокурорының орынбасары Э.Тұрсыновқа қызметтік пәтердің кілті тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар