#Abay170 хэштегі бойынша Абайдың өлеңдері мен қара сөздері әлемге тарады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Назарбаев университетінде осы оқу орны мен БҰҰ Даму бағдарламасы бірлесе ұйымдастырған #Abay170 фестивалі басталды.
None
None

Қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған фестиваль халықаралық сипат алған. Себебі, БҰҰ Даму бағдарламасының әлеуметтік желілерде іске қосқан #Abay170 флешмобы аясында АҚШ, Әзербайжан, Италия және Бірікке Араб Әмірліктерінен Абайдың өлеңдері мен әндерін орындап, видео жіберген азаматтар көп тіркеліпті.

«Жалпы, бүгін Назарбаев Университетінің студенттері Абайдың өлеңдерін оқып, әндерін шырқайды. Оның үстіне, бүгін кішігірім фотокөрме де ұйымдастырып отырмыз. Суреттердің барлығын #Abay170 флешмобы аясында әлеуметтік желіні белсенді пайдаланатын азаматтар жіберген. Және өзіміз білетіндей, лирик ақын Абай Құнанбайұлының жылдың төрт мезгілі туралы тамаша өлеңдері бар. Интернет пайдаланушылар жіберген суреттер сол жыл мезгілдері тақырыбында өте көп сурет жіберіп, бізді қуантты», - дейді БҰҰ-ның Шығыс Қазақстан облысындағы бірлескен бағдарламасының қоғамман байланыс жөніндегі менеджері Мейрамгүл Бейсенова.

М.Бейсенова атап өткендей, #Abay170 хэштегі тек Қазақстан бойынша ғана емес, шет мемлекеттерде де өте көп ақпарат жиналған хэштегке айналды. Жалпы, БҰҰ-ның даму бағдарламасы бұл фестивалді ойшылдың туған өлкесі - Семей өңірінен бастаған болатын.

Халықаралық акция аясында Абайдың өлеңін жаттап, қара сөзін оқыған азаматтар, ақынның есімімен байланысты кез келген шараға барған адамдар 2 минуттық видео түсіріп, осы хэштегпен өз парақшаларына жариялап отырған. Бүгінгі фестивальде ең әдемі 15 видео көрсетілді. Студенттер бұл видеоларды көріп қана қоймай, сахнаға шығып, біреуі домбыра тартса, екіншісі сол домбыра үніне ере Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін орындап жатты.

Соңғы жаңалықтар