«Абайлаңыз ? балалар» акциясы барысында 2,5 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзғандар анықталды

АҚТӨБЕ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Облыстық ішкі істер департаменті жол полициясының басқармасы «Абайлаңыз – балалар» шұғыл алдын алу іс-шараларын аяқтады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша шұғыл алдын алу іс-шараларының барысында жол қозғалысы тақырыбына баяндамалар, конкурстар, шығарма жазу, алдын алу акциялары өткізілді. Аудан мектептерінде 115 бекеттер мен торуылдық бағдарлар қойылды. Қала бойынша 5 билборд, автокөліктердің тығыз қозғалатын жерлеріндегі мектептердің жанына ? түрлі жағдайлар бейнеленген оқиғалардың макеттері орнатылды. Сонымен қатар, облыс орталығының аумағында 24 «жолда жатқан полиция» орнатылды.Мамырдың 18-і мен 25-сі аралығында «Абайлаңыз ? балалар» акциясы барысында облыс бойынша жол полициясы инспекторлары 2 448 жол қозғалысы ережесінің бұзылуын анықталды. Барлығы 4 ай ішінде облыс аумағында 63 жол-көлік оқиғасы орын алды, 21 адам мерт болды және 69 адам жарақаттанды. Балалар қатысқан 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда үш бала мерт болып, екеуі жарақаттанды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум