«Абайлаңыз - балалар!» атты жөл-көлік оқиғаларын алдын алу бойынша облыстық акция жалғасуда

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес және облыстың көлік жолдары мен көшелерінде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тамыздың 31-і мен қыркүйектің 9-ы аралығында облыстық ішкі істер департаментінің жол полиция басқармасымен бірлесіп «Абайлаңыз - балалар!» атты облыстық акция өткізілуде.
None
None

Балалар жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша қыркүйектің 1-інде Жол полициясы қызметкерлері Білім күніне арналған салтанатты жиындарға қатысты, жаяу жүргіншілер өтпелерінде жүргізушілердің назарын аудару үшін мектеп оқушыларынан құрылған жасақтар жұмысы ұйымдастырылды. Бұндай жұмыс қаланың 8 нүктесінде өткізілді: оқушылар әр күні екі мезгілде бір сағаттан жол полициясы қызметкерінің көмегімен реттеушінің жұмысын атқарады. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептерде іс-шаралар жоспарына сәйкес әдістемелік, құқық түсіндіру жұмыстары өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар