15:45, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
Әбіл Дөңбаев ШҚО бойынша туризм және спорт басқармасының бастығы болып тағайындалды
ӨСКЕМЕН. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев «Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің қызметкерлеріне жаңа жетекшісі - Әбіл Бекетұлы Дөңбаевты таныстырды,

деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметінен.
Өзінің еңбек жолын дзюдо жаттықтырушысы болып бастаған Әбіл Дөңбаев ҚР құрамасының дзюдо бойынша жаттықтырушысы, Астана, Алматы қалалары денешынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. Жаңа тағайындауға дейін ол ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті төрағасының орынбасары қызметінде болған.