Әбу-Дабиде ҚР Тәуелсіздігінің күніне орай 500-ден аса шетелдік қонақ қабылдауға қатысты

ӘБУ-ДАБИ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстанның елшілігінде еліміздің мемлекеттік мерекесі - ҚР Тәуелсіздігінің күніне орай салтанатты қабылдау өтті.
None
None

Әбу-Дабидегі қазақстандық елшілікке 500-ден астам адам жиналды.  Қазақстанның дипломаттарын ұлттық мерекемен құттықтауға БАӘ мемлекеттік органдарының жоғары лауазымды өкілдері, БАӘ-де аккредитациядан өткен дипломатиялық корпустың және халықаралық ұйымдардың мүшелері, қоғам қайраткерлері мен бизнесмендер, түрлі компаниялардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс істейтін және оқитын қазақстандықтар жиналды.

Дипломатиялық хаттамаға сәйкес, екі елдің ән-ұрандары орындалды, БАӘ-гі ҚР-дің Төтенше және Өкілетті елшісі Асқар Мусин сөз сөйледі.

Дипломатиялық миссияның басшылары Қазақстан мен Әмірліктің екіжақты қарым-қатынастары дамуының негізгі қорытындылары айтылды.

Қабылдау кезінде символикалық лотерея өткізілді, оны туристік компаниялар мен қонақ үйлер, сондай-ақ «Эйр Астана» және «Эйр Арабия» авиатасымалдаушы компаниялары сияқты жергілікті демеушілер ұйымдастырды.

Шараның соңында келген әр қонаққа ескерткіш сыйлықтар - Қазақстан жөніндегі кітап, қабырғаға ілетін күнтізбе тарту етілді.

Соңғы жаңалықтар