Әбу-Дабиде сарапшылар мен дипломаттар қазақстан-әмірлік қарым-қатынастарының болашағын талқылайды

ӘБУ-ДАБИ. 19 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Әбу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерінің Стратегиялық зерттеулер мен талдау орталығында Қазақстан Республикасы мен БАӘ арасында орнатылған дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» өтеді.
None
None

Іс-шараға БАӘ-нің қоғам және саяси қайраткерлері, сарапшылар мен журналистер қатысады деп күтілуде. ҚР-ның БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Мусинов және БАӘ-нің Стратегиялық зерттеулер мен талдау орталығының басшысы Джамаль Санав Аль Сувайди екіжақты қарым-қатынастар тақырыбы бойынша арнайы баяндамалар оқиды.

Әмірліктің Стратегиялық зерттеулер мен талдау орталығы Таяу Шығыстың жетекші ғылыми-сарапшылық институты болып табылады, оның қызметіне Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы, генерал шейх Мохаммед бин Зайед Әл Нахайян жетекшілік етеді.

Соңғы жаңалықтар