20:16, 17 Сәуір 2013 | GMT +5
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін құттықтауға 41 ЖОО жетекшісі келді
АЛМАТЫ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қазіргі таңда 14 беделді халықаралық қауымдастыққа мүше. Бұл туралы бүгін Алматыда жоғары оқу орнының 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында айтылды.
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін 70 жылдық мерейтойымен құттықтауға әлемнің түкпір-түкпірнен 41 жоғары оқу орнының жетекшісі келді», - дейді ректор Сәлима Құнанбаева. Оның айтуынша, құттықтаушылар арасында АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Германия, Австрия, Оңтүстік Корея сияқты оқу орнының әріптес университеттерінің жетекшілері де бар. Бұдан бөлек, Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктердің уәкілдері мен университет түлектері де келіп отыр. Әлемнің 16 тілінде мамандар дайындайтын жоғары оқу орнының өз қызметіндегі халықаралық марапаттарының ішінде Кембридж ғылыми қауымдастығының «Білім беру үздігі» атағын ерекше атап өтуге болады.