Адам қағып кеткен жүргізушіні ұстауға көмектескен такси жүргізушісі мен колледж оқушысы мақтау қағазымен марапатталды
деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Ақпанның 16-сы күні Павлодар облысы Ішкі істер департаменті көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 3-ші сынып оқушысын қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетеді. Қыз бала дене жарақаттарымен ауруханаға түседі.
Жол-көлік оқиғасының куәгерлері - такси жүргізушісі Владимир Бессенов пен оның жолаушысы Евгений Босенко, «Мерседестің» жүргізушісінің ізіне түседі де, оқиға туралы «102» операторының пультіне хабарлайды. Олар полиция қызметкерлерімен бірге қашқынды өз үйінің ауласында ұстайды.
Оқиғалар мен қылмыстар туралы ақпараттармен алмасу жөніндегі меморандумға Павлодардың таксомоторлық кәсіпорындарының басшылары мен полицейлер ағымдағы жылдың басында қол қойған болатын. Такси жүргізушілері өздері куә болған оқиғалар туралы өз диспетчерлік қызметтері мен Ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына дереу хабарлап отыру туралы шешім қабылдап отыр.