Адам құқықтары саласындағы ұлттық жоспардан Қазақстан халқы толық хабардар болулары керек

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің техникалық ынтымақтастық жөніндегі басшысы Рене Маллидің пікірінше, Қазақстанда Адам құқықтары саласындағы ұлттық жоспар жөнінде кеңінен насихаттау керек.
None
None

Бұл туралы ол бүгін 2099-2012 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы ұлттық жоспардың орындалу барысына арналған шолудың таныстырылымы жөніндегі дөңгелек үстел отырысында айтты.

Еуропалық Одақ өкілінің пікірінше, ұлттық жоспар дегеннің өзі бұл мәселеден елдегі азаматтардың барлығы хабардар болуы тиіс дегенді білдіреді. «Бұл міндетті бұқаралық ақпарат құралдары немесе интернет арқылы жүзеге асыруға болады. Сондай-ақ жоспарды қалың көпшіліккке білім беру мекемелері арқылы таратуға болады.

Ал Қазақтанда халықтың басым бөлігі қазақ тілінде сөйлейтін болғандықтан ақпараттарды мүмкіндігінше қазақ тілінде көбірек тарату керек», - дейді Рене Малли.

Сондай-ақ ол сөзінде Адам құқықтары саласындағы жоспар жөнінде көп мағлұматтар берілуі қажеттігін жеткізді. Нақтырақ айтқанда жоспардың қайда, қашан және қандай мақсаттардан пайда болғандығын толық таныстыру қажет. Бұқара халық бұл құжаттың нәтижесінде нендей игіліктерге қол жеткізілетіндігін және оның жүзеге асырылу барысынан толық хабардар болып отыруы қажет. «Бұл құжат қағаз жүзінде қалып қоймауы тиіс»,-деді Рене Малли.

Соңғы жаңалықтар