17:46, 02 Мамыр 2013 | GMT +5
Адам өлтіріп, 3 жыл бойы бой тасалап жүрген қылмыскер ШҚО-да ұсталды
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 2010 жылғы шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында адам өлтіріп, ізін жасырып кеткен қылмыскер ұсталды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында Қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері 2010 жылғы шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған адам өліміне қатысы бар 35 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Жәбірленушінің мәйіті Сайрам ауданы Асыл ауылы маңындағы жолдың бойынан табылған болатын. Қылмысқа кенеттен тұтанған жанжал себепші болғандығы анықталды», - деп түсіндірді ресми өкіл.