12:25, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Адам саудасының алдын алуға байланысты іс-шаралар Батыс Қазақстанда да ұйымдастырылуда
ОРАЛ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Адам саудасының алдын алуға байланысты іс-шаралар Батыс Қазақстанда да ұйымдастырылуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жұртшылықтың осы мәселеге назарын аудару, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында мұндай шаралар ел көлемінде наурыздың 10-20-сы аралығында қолға алынып отыр. Батыс Қазақстан облысында ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша өткен жылы бір жасөспірімді сату, 10 жеңгетайлық, бір заңсыз бостандығынан айыру, сондай-ақ жасөспірімдерді құқық бұзушылыққа тарту фактісі тіркелген. Басты мақсат ? осындай келеңсіз істерді болдырмау.