09:00, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Адамдарды құлдыққа сатумен күрес - Достастық елдерінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастығының маңызды бағытының бірі ? Владимир Гаркун
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Алдағы күзде Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Адамдарды құлдыққа сатумен күрестегі ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Бұл шараға ТМД-ның Атқарушы комитеті мен Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның бюросы ұйытқы болып отыр.Бұл туралы ТМД-ның Атқарушы комитет төрағасының - Атқарушы хатшысының бірінші орынбасары Владимир Гаркун БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы баяндамашысы Джой Эзейломен болған кездесуінде мәлім етті. Владимир Гаркун, адамдарды құлдыққа сатумен күрес - Достастық елдерінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастығының маңызды бағытының бірі екенін атап көрсетті.