09:35, 16 Қазан 2012 | GMT +5
Адамдарға «мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана» уәде еткен алаяқ әйел 10 жылға сотталды - Павлодар
ПАВЛОДАР. 16 қазан. ҚазАқпарат - 53 жастағы әйел аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 10 жылға сотталды, деп хабарланды Павлодардың №2 сотының баспасөз қызметінен.
Өзін әкімдік қызметкері ретінде таныстырып, ол мемлекеттік әлеуметтік бағдарлама бойынша ең аз бағамен пәтер алғысы келгендерге ақшаға өз көмегін ұсынып келген. Осылайша, сотталушы 12 млн. теңгені жамбасына басқан.
Бұған дейін шығарылған үкімді (2009 жылы) ескере отырып, оған жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленетін болды.