Адамзат Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарына арналған Еске алу және татуласу күнін атап өтуде

Біріккен Ұлттар Ұйымы мүше-мемлекеттер өздерінің Жеңіс, азат күндері және мерекелері болуы мүмкіндігін мойындай отырып, оларға және БҰҰ жүйесінің бөлімшелеріне, үкіметтік емес ұйымдарға және жеке адамдарға жыл сайын осы күндердің бірін немесе екеуін де Екінші дүниежүзілік соғыстың барлық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтуді ұсынды.
«Біз елдеріміздің халықтары адамзатты нацистік құлдықтан құтқаруда және Жеңіске жетуде шешуші үлес қосқанын мақтан етеміз. Фашизмді талқандауда антигитлерлік коалицияның барлық мемлекеттері орасан рөл атқарғанын атап өтеміз. Ондаған миллион адамдар Жеңіс жолында өз өмірлерін қиды. Майдан даласында және өлім лагерлерінде, қалалар мен елді мекендерде қаза болғандарды еске алып, басымызды иеміз. Біздің бәріміз бостандық пен адамның қадір-қасиеті үшін әділетті күресте қаза тапқандардың алдында борыштармыз», - деп мәлімдеді БҰҰ жанындағы Ресей Федерациясының тұрақты өкілі А.Денисов. .