АДБ Басқарушылар кеңесіндегі төрағалық етуші ел мәртебесі Қазақстанға тапсырылды

Өз баяндамасы барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.
Өз кезегінде, АДБ Президенті Такехико Накао келесі кездесуді Астанада өткізу ұсынысы бірауыздан қабылданғандығын атап өтті. 67 қатысушы елдің барлығы Қазақстанға дауыс берді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, «Азия мен Еуропаны жалғайтын - Жаңа Жібек жолдары; Азия мен Еуропа ауыспалы әлемде» атты тақырыптағы АДБ-ның Астаналық мәжілісінде АДБ-ға мүше-елдер басқарушыларын, ірі халықаралық және қаржы ұйымдары басшыларын және басқа да делегаттарды қамтитын 5 мың адам қатысады деп күтілуде.
АДБ-ның кезекті 47-ші мәжілісі Астанада 2-3 мамырда өтеді.