Әділбек Жақсыбеков Астананың шетінде қалай батпақ кешкенін есіне алды

Деректі фильмнің Фейсбукте жарияланған шағын бөлігінде Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми ел астанасын ауыстыру кезінде Иманғали Тасмағамбетовпен (Астананың бұрынғы әкімі, Ресейдегі Қазақстанның елшісі) және Төлеген Мұхамеджановпен (белгілі композитор, экс-депутат) бір пәтерде тұрғанын еске алды.
«Айта кетерлігі, біздің бәріміз де ішпейтін адамдармыз. Алып бара жатқан көңіл көтерулер болмайтын. Шығармашыл екі адаммен бірге тұрып, жолым болды. Төлеген Мұхамеджанов рояльде отырып, өзі жазған туындыларын орындап отыратын. Иманғали гитарада ән айтатын. Көп жағдайда мен тыңдарман едім», - дейді Қайрат Мәми фильмнің авторына берген сұхбатында.
Ал ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың қалайша Астананың шетінде батпақ кешкізіп қойғанын еске алды.
Айта кеткен жөн, Әділбек Жақсыбеков 1997-2003 жылдар аралығында Астана қаласының әкімі болған еді.
«Президент мені және орынбасарларымды шақырып алды. Әлбетте, аяғымызда туфли еді. Ол киімін ауыстырып алды да, бәріміз микроавтобусқа отырып тартып кеттік. Біз мақтана баяндап келе жатқан уақытта көліктің бір бұрышқа тоқтамасы бар ма. Ол бұрышты көргенде өзім де үрейленіп кеттім. Ол болса: «Қанекей көрейік, қыдырайық. Біздің бәріміз туфлимен батпаққа қойып кеттік. Ол бізді тыңдай отырып, тапсырмаларын беріп, қайта көлікке отырғаннан кейін «Қалай? Жақсы қыдырдыңдар ма? Келесі жолы осы батпақта жалаң аяқ жүресіңдер» деді. Ол біздің осылай тәрбиелеп еді», - дейді Әділбек Жақсыбеков.